$ 456.89  531.36  5.32

Алғаш рет бүктелді: Apple жаңа смартфонын таныстырды

iPhone Duo-ның сыртқы дисплейі 5,4 дюйм болса, құрылғы толық ашылған кезде ішкі экранының өлшемі 7,6 дюймге жетеді. 

фото: Apple.com
фото: Apple.com

Apple жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырып қана қоймай, компания тарихындағы алғашқы бүктемелі смартфонын да көпшілікке көрсетті. iPhone Duo деп аталатын жаңа құрылғы кітапша тәрізді форматта жасалғандеп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

iPhone Duo-ның сыртқы дисплейі 5,4 дюйм болса, құрылғы толық ашылған кезде ішкі экранының өлшемі 7,6 дюймге жетеді. Смартфон A20 Pro чипі мен C2 модеміне негізделген.

Apple мәліметінше, құрылғының аккумуляторы бір күнге жетеді. Ал сыртқы экран арқылы видео көру кезінде батарея 44 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Смартфонда физикалық SIM-картаға қолдау жоқ, тек eSIM пайдаланылады.

Құрылғының камера жүйесінде де жаңа мүмкіндіктер пайда болған. Негізгі камераның диафрагмасын қолданушы өзі реттей алады. Видео түсіру кезінде жасанды интеллект қозғалыстағы нысанды бақылап отырады. Егер нысан кадрдан уақытша жоғалып кетсе, жүйе оны қайта тауып, түсірілімді жалғастыра алады.

Жаңа iPhone 18 Pro сериясы 2 нанометрлік технология бойынша әзірленген A20 Pro процессорымен жұмыс істейді. Компанияның айтуынша, жаңа чиптің өнімділігі A19 Pro-мен салыстырғанда 20-40 пайызға жоғары.

Сондай-ақ Apple құрылғылардың салқындату жүйесін жетілдіріп, батареяның автономды жұмыс уақытын арттырған. Жылдам қуаттау технологиясы арқылы смартфонды шамамен 15 минутта 50 пайызға дейін зарядтауға болады.

АҚШ нарығында 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro бағасы 1199 доллардан басталады. Ал iPhone 18 Pro Max құны 1299 доллардан жоғары болады. Жаңа смартфондардың сатылымы 18 қыркүйекте басталады.

Apple Siri дауыстық көмекшісіне де бірқатар жаңа функция қосты. Енді Siri бірнеше қосымшада өзара байланысты әрекеттерді ретімен орындай алады. Бұл мүмкіндік үшінші тарап әзірлеген бағдарламаларға да таралады. Жалпы алғанда, функция 250-ден астам қосымшаны қолдайды.

Компания жаңа Apple Watch Series 12 және Apple Watch Ultra 4 сағаттарын, сондай-ақ AirPods 5 құлаққабын таныстырды.

AirPods 5 Apple Intelligence жүйесімен жұмыс істейді. Бұл пайдаланушыларға смартфонды қолға алмай-ақ Siri-дің кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

АҚШ-та AirPods 5 бағасы 129 доллардан басталады. Ал белсенді шуды басу технологиясы бар нұсқасы 149 доллар тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0