10.09.2026, 12:20

Қарт әйелді себепсіз ұрып-соққан ер адам сотталды

Фото: Abai.kz

Жаңа қылмыстық іс бойынша ер адам бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін мойындаған. 

Биыл сәуір айында 26 жастағы ер адам себепсіз қарт әйелге шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып-соққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Kriminal Kazakhstan мәліметінше, сот ер адамды кінәлі деп танып, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Сонымен қатар сотталған азаматтан жәбірленушінің емделуіне және заң көмегіне жұмсалған шығындар, сондай-ақ моральдық зиян үшін 1,5 миллион теңге өндірілді.

«Полиция шабуыл жасаған ер адамды анықтап, ұстады. Оның бұған дейін де сотталғаны белгілі болды. 2020 жылы ер адам жанжал кезінде бір адамға өлімге әкеп соққан жарақат салып, тағы бір адамға ауыр зиян келтірген. Сол кезде сот оның қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен деген қорытындыға келіп, екі жылға бас бостандығынан айырған», – делінген ақпаратта.

Жаңа қылмыстық іс бойынша ер адам бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін мойындаған.