10.09.2026, 15:00

Орамал дауы: Қарағандылық мұғалімнің желідегі жазбасы көпшілікті шошытты

Фото: коллаж Sn.kz

Қарағандылық мұғалімнің орамалға қатысты пікірі көпшілікті шошытты. ”Қазақтарға, Қазақстанға мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә Алла күйретші” деп жазба қалдырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кейін оның қарағандылық мұғалім екені белігіл болды. Коуч Роза Әшірбаева оқушыларды мұндай мұғалімдерден қорғау керек екенін айтты.

”Мынадай радикалды көзқарастағы адамдар қалай мектепте жұмыс істеп жүр?

Құрметті, Жұлдыз Досбергенқызы, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен бірлесе отырып, балаларды осындай көзқарастағы мұғалімдерден қорғауыңызды өтінемін”, — деп жазды коуч.

Көпшіліктің наразылығынан кейін мұғалім кешірім сұрады.

”Үш балам бар. Кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепте хиджаб киюге қатысты жазған жазбам үшін баршаңыздан кешірім сұраймын”, — деді.