Анасының айтуынша, отбасыға операцияның күрделі емес екені айтылған, алайда отадан соң қыздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.
Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы оқушы көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырауда 16 жастағы Айжан Жарқын мұрын қуысындағы кистаға байланысты жоспарлы операциядан кейін көз жұмды. Анасының айтуынша, отбасыға операцияның күрделі емес екені айтылған, алайда отадан соң қыздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.
Марқұмның анасы медициналық тампон тыныс алу жолына түсіп кеткенін айтып, болған жағдайға дәрігерлерді кінәлап отыр. Туыстары қызды Астанаға жеткізуді сұрағанымен, ауыр жағдайына байланысты тасымалдау мүмкін болмағанын жеткізді.
19 күннен кейін оқушы қайтыс болды, енді отбасы өлімнің нақты себебін анықтап, медицина қызметкерлерінің әрекетіне тиісті тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Бұл — әзірге марқұмның туыстарының нұсқасы, ресми органдардың оқиғаға қатысты қорытындысы жарияланған жоқ. Видео: @barys__media