10.09.2026, 18:00

Қырғызстандағы атышулы «75 ісі»: сот үкімі қайта қаралды

Фото: 24kg

10 қыркүйекте сот істі апелляциялық тәртіппен қарады. Прокуратура айыпталушыларды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Қырғызстанда атышулы «75 ісі» бойынша сот үкімі қайта қаралды. Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев пен басқа да айыпталушыларға билікті күшпен басып алуға дайындалды деген айып тағылмайтын болды. Оларға екі жыл пробация жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

10 қыркүйекте сот істі апелляциялық тәртіппен қарады. Прокуратура айыпталушыларды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Билікті күшпен басып алуға дайындалу туралы айып қайта сараланды. Нәтижесінде сотталушылар сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірді деген бап бойынша кінәлі деп танылды, деп жазады қырғызстандық БАҚ.

Қамчыбек Ташиев, бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев, парламенттің экс-спикері Нурланбек Тургунбек уулу және тағы бірнеше адам екі жыл пробация жазасына кесілді.