Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады.
Қазақстандық журналист, ZonaKZ бас редакторы Юрий Мизинов 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады.
Юрий Мизинов 1950 жылы 18 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Ол Қарағанды политехникалық институтында «инженер-экономист» мамандығын меңгерген. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін облыстық статистика басқармасы мен жобалау саласында еңбек етті.
1991–1992 жылдары «Сары-Арқа» телекомпаниясын басқарды. Кейін «Зебра», «Колесо», «Грач» және «Фаренгейт бойынша 451°» газеттерінің редакцияларында жетекшілік қызмет атқарды.
2000 жылдың қаңтарында Жәнібек Сүлеев және Айгүл Омаровамен бірге «Навигатор» интернет-газетін құрды. Кейін жобаға Гимран Ерғалиев қосылды. 2006 жылдың мамырында басылым ZonaKZ атауына ауысты.
«Навигатор» мен ZonaKZ еліміздегі қоғамдық-саяси интернет журналистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Басылымдарда күнделікті жаңалықтардан бөлек, сұхбаттар, сараптамалық материалдар мен баспасөз шолулары жарық көрді.
25 жылға жуық жұмыс істеген ZonaKZ 2025 жылғы 1 ақпанда қызметін тоқтатты. Соңғы үндеуінде Юрий Мизинов журналистерге, авторларға, техникалық мамандарға, әріптестеріне және жұбайы Еленаға алғыс білдірген.
Журналистің кәсіби еңбегі бірнеше мәрте бағаланған. 2020 жылы ол азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен марапатталды. Сонымен бірге Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанып, «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісін иеленді.