11.09.2026, 07:30

Еліміз бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Фото: Казинформ

Жұмада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. 

Жұма күні, 2026 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері ұсынған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жұмада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

Еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ батыс, солтүстік өңірлерде тұман түседі, солтүстік пен орталық аймақтарда дауыл тұрады, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанады.

Бұдан бөлек республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады.

"Алматы облысы мен Жетісу облысында қатты ыстық болады деп болжанады: +36...+37°С дейін"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі