$ 450.91  522.69  5.33

«Жөнделді» деген шұңқыр қайта опырылды: Теміртауда тұрғындар тротуардың жағдайына наразы

Бұған дейін осы жерде асфальт опырылып, шұңқыр пайда болғаны туралы мәселе көтерілген.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Теміртаудағы Құрылысшылар даңғылы, 32-үй маңындағы жаяу жүргіншілер жолының жағдайы тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін осы жерде асфальт опырылып, шұңқыр пайда болғаны туралы мәселе көтерілген.

Видео авторының айтуынша, кейін жауапты тарап мәселенің шешіліп, шұңқырдың қалпына келтірілгенін хабарлаған. Алайда тұрғындар түсірген жаңа кадрларда жолдың әлі де ойылып, жөндеу жұмыстары толық аяқталмағаны көрінеді.

Енді олар жауапты мамандардан басталған жұмысты соңына дейін жеткізіп, жаяу жүргіншілер жолын қалыпқа келтіруді сұрап отыр. Құрылысшылар даңғылындағы №32 үйдің Теміртау аумағында орналасқаны ресми деректерде де көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0