$ 447.8  516.76  5.3

Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Енді бұрынғы министрдің жаңа қызметі – «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары.

Фото: "Әділет" партиясы
Фото: "Әділет" партиясы

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осылайша, партия басшылығы құрамында енді Асхат Ораловпен бірге Нұрсұлтан Байтілесов пен Эльдар Жұмағазиев те төраға орынбасары қызметін атқарады.

Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (МГИМО) білім алған.

2023 жылдың 4 қаңтарында Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Алайда сол жылдың 1 қыркүйегінде Президент жарлығымен бұл лауазымнан босатылды.

Кейін ол өңірлік деңгейде қызметін жалғастырды. 2025 жылдың қыркүйегінде Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Енді бұрынғы министрдің жаңа қызметі – «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0