26.08.2014, 03:00

Елбасы Өкімімен агенттік төрағаларының орынбасарлары тағайындалды

Сурет: akorda.kz

ҚР Мемлекет басшысының Өкімдерімен еліміздегі екі агенттік төрағаларының орынбасарлары тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

«Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген хабарламада.