17.09.2026, 10:40

Бақытжан Базарбек өзі қаққан жігіттің ауруханадан шыққанын айтты

Коллаж: Sn.kz

Кадрларда Нұржігіт Қошановты дәрігерлердің ауруханадан шығарып салып жатқаны көрінеді.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек көлік қағып кеткен Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққанын мәлімдеді. Жарақат алған ер адам емделіп, аяққа тұрған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Нұржігіт Қошановтың қазіргі жағдайы түсірілген видеоны Бақытжан Базарбектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұған дейін жол-көлік оқиғасынан кейін оның денсаулығына алаңдаған көпшілік жағдайын сұраған болатын.

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық», – деп жазды бұрынғы депутат.

Кадрларда Нұржігіт Қошановты дәрігерлердің ауруханадан шығарып салып жатқаны көрінеді. Ол өзіне медициналық көмек көрсеткен ақ халаттыларға алғысын білдірді.

Осылайша, жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханада ем қабылдаған Нұржігіт Қошанов үйіне жіберілді.