2014 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 125 936 теңгені құрады, деп хабарлайды республиканың статистика комитеті.
«2014 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 125 936 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы шілдеге 111,7%, ал нақты жалақы индексі 104,4% болды», делінген хабарламада.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 253,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 245,2 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 215,6 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 63,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,5%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 242,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында 82,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,3%-ға төмен.