$ 444.88  513.26  5.28

ШҚО-да кәмелетке толмаған бала әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алайда ШҚО полиция департаменті бұл мәліметтерді жоққа шығарды. 

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында кәмелетке толмаған бала әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Сот күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараға санкция берген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полиция бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде марқұмның мұғалім болғаны және қылмыстың «Көк кит» интернет-ойынымен байланысты болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады.

Алайда ШҚО полиция департаменті бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Ведомство қаза тапқан әйелдің педагог болмағанын және тексеру барысында оқиғаның «Көк кит» ойынымен байланысы расталмағанын мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#оқушы #ШҚО