Ақкөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, мердігер екі су өткізу құрылысын салып, инертті материалдарды жеткізген.
Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты Наумовка ауылының тұрғындары екі жылдан бері 12 шақырымдық жолдың салынуын күтіп жүр.
Тұрғындардың айтуынша, жаңа жолға 900 млн теңге қарастырылып, оны 2024 жылы салып беру уәде етілген, алайда әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Қыс жақындаған сайын ауыл халқы жол қатынасы қиындап, қаладан қатынамай қаламыз ба деп алаңдап отыр.
Ақкөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, мердігер екі су өткізу құрылысын салып, инертті материалдарды жеткізген.
Жоспар бойынша жыл соңына дейін жолдың батпақты учаскелерін нығайту жұмыстары жүргізіліп, қалған жұмыс 2027 жылы басталмақ. Екі жыл бойы күткен тұрғындар құрылысты созбай, 12 шақырымдық жолды тезірек аяқтауды талап етіп отыр.