17.09.2026, 15:10

Асфальт төсейміз деп, кәрізді бітеп тастаған: Алматыда тұрғындар жол жөндеушілерге наразы

Фото: Видео скриншот

Мәселеге қатысты тұрғындар Алматы әкімдігінен нақты жауап күтеді. 

Алматының Баганашыл ықшамауданының тұрғындары түнгі жол жөндеу жұмыстарының салдарына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, жұмысшылар асфальт төсеу кезінде кәріз құдықтарының бетін асфальтпен жауып тастаған. Соның салдарынан қазір кәріз жүйесінде мәселе туындап, тұрғындар қолайсыздық көріп отыр.

Жұрт жолды жөндеген мердігердің жұмысын кім бақылағанын және мұндай олқылыққа қалай жол берілгенін сұрап отыр.

Сондай-ақ енді асфальт астында қалған құдықтарды ашып, келтірілген салдарды кім және кімнің есебінен жоятыны әзірге белгісіз. Мәселеге қатысты тұрғындар Алматы әкімдігінен нақты жауап күтеді.