$ 444.58  510.29  5.27

Түркістанда 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты алты адам сотталды

Оқиға былтыр қарашада Түлкібас ауданында болған. 

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне әкелген атысқа қатысты алты адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға былтыр қарашада Түлкібас ауданында болған. Бетперде таққан бірнеше адам көшеде тұрған төрт жігітке қарудан оқ атқан. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмса, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қылмыстық іс бойынша жеті адам күдікке ілінген. Олардың біреуі әлі іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ал ұсталған алты адамның ісі сотта қаралды.

Мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Дәурен Мадалиевтің айтуынша, сотталғандардың үшеуі оқиға орнына барып, жәбірленушілерге қарудан оқ атқан. Қалған үшеуі шабуылға қатыспағанымен, қару қолданылатынын алдын ала білген. Алайда бұл туралы полицияға хабарламаған.

Сот шешімімен негізгі айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жаза тағайындау кезінде бұрын қылмыс жасағаны ескерілген. Тағы екі адам 18 жылға сотталды.

Қылмысты жасырғаны үшін екі сотталушы үш және екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы бір адамның бас бостандығы 2 жыл 8 айға шектелді. Кейін оған рақымшылық жасалып, ол сот залынан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0