Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.
Астана көшелерінің бірінде автокөлік аударылып қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аударылған көліктің суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйекте таңертең болған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмада Е-900 көшесінде BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылған. Осыдан кейін көлік көшедегі жарық бағанына соғылып, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп толықтырды полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.