$ 444.58  510.29  5.27

Демалыс күндері ауа температурасы +32°С-қа дейін көтеріледі

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды.

 

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0