$ 446.56  512.34  5.3

Ертіс өзенінде жоғалған ер адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. 

Фото; zakon
Фото; zakon

Ертіс өзенінде қайық аударылғаннан кейін жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. Сол күні өзенде бес адам отырған алюминий қайық аударылып кеткен. Төрт адам жағаға өздігінен шықса, 1983 жылы туған ер адамнан хабар болмаған.

Жоғалған азаматты іздеуге құтқарушылармен қатар оның туыстары мен волонтерлер де қатысты. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, ер адамның денесі оқиға орнынан шамамен 4 шақырым жерден табылған.

«Іздеу барысында құтқарушылар Ертістің оң және сол жағалауы бойынша ағыс бойымен төмен де, жоғары да 272 шақырым жерді жүріп өтті. Сүңгуірлер 28 рет суға түсті. Алты жердегі суға құлаған ағаштар арасын тексеріп, эхолоттың көмегімен өзен түбі зерттелді. Сонымен қатар оң жағалаудың 93 шақырымы жаяу тексерілді», – деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті. Мамандар суға түскенде құтқару кеудешесін киіп, ауа райы қолайсыз кезде су айдындарына шықпауға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0