21.09.2026, 15:20

Тоқаев Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.