$ 446.56  512.34  5.3

«Үш баласы бар»: Әділетхан Молдаханның ағасы соттан жазаны жеңілдетуді сұрады

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ағасы Дәулетхан Ахметов 22 қыркүйекте өтетін апелляциялық сот қарсаңында інісінің жазасын жеңілдетуді сұрады. Ол Молдаханға тағайындалған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, кәмелетке толмаған үш баласы барын ескеруді өтінген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бірінші сатыдағы сот Әділетхан Молдаханды Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.

Іс Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты жарияланған видеолардан кейін қозғалған.

Сот оған бес жыл бойы қоғамдық-саяси, публицистік және блогерлік қызметпен айналысуға да тыйым салған.

Қорғау тарапы үкімге апелляциялық шағым түсірді, енді оның нәтижесі 22 қыркүйектегі сот отырысында белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0