$ 446.56  512.34  5.3

Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО)

№11 бағыттағы «Yutong» маркалы маршруттық автобус пен «ЗИЛ» жүк көлігі соқтығысқан. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

 Көкшетау қаласындағы Шанхай көпірі маңында қоғамдық автобуспен пен жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

№11 бағыттағы «Yutong» маркалы маршруттық автобус пен «ЗИЛ» жүк көлігі соқтығысқан. 

Апат салдарынан автобус жолаушысы мен екі көліктің жүргізушісі жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменінің мәліметі бойынша, дәрігерлер қажетті тексерулер мен медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккендерді үйіне жіберді.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік сипатта тиісті шаралар қабылданады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0