Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады.
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 22 қыркүйек, сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, Қазақстанның кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал елдің басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Қазақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады.
Жоғары өрт қаупі – Павлодар, Қарағанды облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Атырау облысының шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында;
Төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Павлодар мен Ақмола облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында.