22.09.2026, 10:00

Жезқазғанда BMW электр бағанына соғылып, жасөспірім қаза тапты

Фото: видеодан скрин

Қазір олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Жезқазғанда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. BMW көлігі жолдан шығып кетіп, электр желісінің бағанына соғылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қатты соққы салдарынан көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Апат кезінде тағы екі адам зардап шегіп, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазір олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Оқиғаға байланысты Жезқазған қаласының полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.