$ 446.56  512.34  5.3

Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Петропавлдағы Алматы және Гоголь көшелерінің қиылысы жаңбырдан кейін адам жүріп, көлік өте алмайтын күйге түседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, жауыннан соң жолдағы шұңқырларға су жиналып, бірнеше күн бойы көлшік пен батпақ кетпей қояды. Соның салдарынан бұл жерден өту жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қиындық туғызған. Видеодан жол жабынының ойылып, кей тұсының суға толып жатқанын көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін қала билігі Алматы көшесінің басқа бір бөлігінде жол жөндеу қажеттігін анықтағанымен, қаржы бөлінбегендіктен жұмысты 2026 жылғы жоспарға енгізген. Қазір тұрғындар Алматы мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы мкәселенің де шешілгенін қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0