22.09.2026, 13:00

Қостанай облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: Kazinform

Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады. 

Қостанай облысында үш көлік қатысқан жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Қостанай – Алматы – Екатеринбург» тасжолының Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылы маңында болған. Үш көлік соқтығысқан.

Апат салдарынан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты төмендетіп, аса сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.