Алайда нақты шек әзірге бекітілген жоқ.
Қазақстанда жол ережесін қайта-қайта бұзатын жүргізушілерге қатысты талапты күшейту мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, кей жүргізушілердің айыппұл саны 50-ден асып кетсе де, олар ақшасын уақытында төлеп, көлік жүргізуді жалғастыра береді. ҚР ІІМ мұндай жүргізушілерге белгілі бір шектен кейін қосымша шара қолдануды ұсынып отыр.
Мәселен, бір жылда 10 рет жол ережесін бұзған немесе бағдаршамның қызыл түсіне өту секілді 5 өрескел құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге шектеу қою мәселесі қарастырылуы мүмкін.
Алайда нақты шек әзірге бекітілген жоқ. Лепеханың сөзінше, бұл ұсыныс бұған дейін Парламентпен талқыланған. Енді ІІМ мәселені жаңа Құрылтайда қайта көтермек.