22.09.2026, 12:30

«Айтуға құқығым жоқ»: Игорь Лепеха журналистің сұрағына жауап бермеді

Фото: Видео скриншот

Оның сөзінше, тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғаннан кейін ғана толық ақпарат белгілі болады. 

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха брифинг кезінде журналистің қылмыстық іске қатысты сұрағына нақты жауап бермеді.

БАҚ өкілі одан қозғалған қылмыстық істің мән-жайын түсіндіруді сұрады. Лепеха қазір тергеу жүріп жатқанын айтып, бұл мәселеге түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін жеткізді. Журналист істің ең болмаса қандай бап бойынша қозғалғанын нақтылауға тырысты.

Алайда вице-министр қылмыстық іс қозғалғанын ғана қайталап, бапты атаған жоқ. Сондай-ақ одан сөз болған істердің бір-бірімен байланысы бар-жоғы сұралды. Лепеха олардың өзара байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғаннан кейін ғана толық ақпарат белгілі болады.