24.09.2026, 15:40

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық болды»: Әмина апа отбасындағы сұмдықты айтты

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялаған. 

 

Көпшілікке Әмина апа есімімен танылған әже желіде күтпеген мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялаған. 

Оның айтуынша отбасында күтпеген жағдайлар орын алған.

«Бүгінгі жазбамды қыздарыма арнаймын. Олардың біреуі отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерді. Бұл туралы айту маған оңай емес. Бірақ мұны мойындаудан ұялмаймын. Өйткені үнсіздік әрдайым қорғай бермейді, ал ашық әңгіме кейде біреуге өз қайғысын жалғыз өткермеуге көмектесуі мүмкін.

Мен бұл туралы барлығын жасырмай, шынайы әрі боямасыз айтып беремін.

Барлық егжей-тегжейі осы күзде жарық көретін кітабымда жазылады. Кітаптың тұсаукесері қазан айында өтеді», — деп жазды ол.