$ 445.65  508.71  5.3

Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтын болды

18 тамызда Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қаза болған Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі оның өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішін қайтарып алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел оның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен шығаруды сұраған еді.

Сот отырысының басында сот Зейнелдің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Кейін судья Меруерт Абаева одан өтінішін талап етуді жалғастыра ма, әлде процесте жәбірленуші мәртебесінде қала ма деп қайта сұрады.

Нәтижесінде Әділет Зейнел бұған дейін берген өтінішінен бас тартып, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қалды.

Еске салайық, 18 тамызда Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0