25.09.2026, 01:30

Астанада қорадан қашқан жылқының әрекеті елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Видео әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған.

Астанадағы ат қораларының бірінде Калиф есімді жылқының қоршаудан қашқан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан қоршаудан шығып кеткен жылқының аумақты бойлай шауып жүргенін көруге болады.

Алайда еркіндікке ұмтылған жануар сыртқы қоршаудан өте алмай, қора аумағында қалып қойған.

Желі қолданушылары жылқының әрекетіне сүйсініп, түрлі әзіл пікірлер қалдырды. Видео әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған.

Тегтер: жылқы Астана