24.09.2026, 16:40

Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің жақындары мен Қазақстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғырып қабылдадық. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз. Алла қаза болғандарға мәңгілік тыныштық беріп, олардың отбасыларына осы қиын-қыстау кезеңде күш-қуат пен сабыр берсін. Хабар-ошарсыз кеткендердің аман-есен табылуына үміт артып, жараланған әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз, – делінген хабарламада.