24.09.2026, 20:30

Қанат Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстау облысына жетті

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, комиссия мүшелері қазіргі ахуалды бағалап, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша алдағы шараларды айқындайды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстау облысына барды. Комиссия төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, оқиға орнында қажетті шараларды қабылдайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, комиссия мүшелері қазіргі ахуалды бағалап, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша алдағы шараларды айқындайды.

— Негізгі назар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсетуге, оқиғаның мән-жайын анықтауға және мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіруге аударылады, — делінген хабарламада.

Комиссияның жұмысы оқиға орнында жалғасып жатыр.

https://kaz.inform.kz/news/kanat-bozimbaev-bastagan-komissiya-mangistau-oblisina-bardi-b29d5a42