Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында әскери оқу-жаттығу кезінде жараланған әскери қызметшіге қажетті көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
— Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Әскери қызметшінің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Мамандар қажетті емдеу шараларын жалғастырып, науқастың денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жағдай Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, — делінген хабарламада.