$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Астана әуежайында ұшақтар құстармен 5 рет соқтығысқан

Әуежай мамандары құстардың негізінен таңғы 03:00–11:00 және 15:00–23:00 аралығында белсенді болатынын айтады.

Фото: ufa.aif.ru
Фото: ufa.aif.ru

​Астана әуежайында ұшақтардың құстармен соқтығысуы азайған Астана халықаралық әуежайында әуе кемелерінің құстармен соқтығысу фактілері былтырмен салыстырғанда екі еседен астам төмендеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өткен жылдың осы кезеңінде 11 жағдай тіркелсе, биыл мұндай 5 оқиға болған. Әуежай мамандары құстардың негізінен таңғы 03:00–11:00 және 15:00–23:00 аралығында белсенді болатынын айтады.

Осы уақытта орнитологтар аэродром аумағы мен оған жақын жерлерді бақылап, құстардың қозғалысын қадағалайды. Аэродром маңында шағала, қарға, көгершін, сауысқан және күйкентай жиі кездеседі. Күзде әсіресе шағалаларға бақылау күшейеді. Олар көл мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арасында топ болып ұшады.

Кейбір бағыттары ұшақтардың қозғалыс аймағына жақын болғандықтан, мамандар құстардың күнделікті бағытын тұрақты бақылауда ұстайды. Құстарды әуежай аумағынан алыстату үшін биоакустикалық қондырғылар, механикалық үркіткіштер, шу шығаратын тапаншалар, лазерлік және оптикалық құрылғылар пайдаланылады. Арнайы көлік те мобильді биоакустикалық жүйемен жабдықталған.

Орнитологтар құстарды үркітумен қатар, олардың қайдан келіп, қай бағытқа ұшатынын және қозғалысының маусым мен тәулік уақытына қарай өзгеруін зерттейді. Бұл жұмыстар әуе кемелеріне төнуі мүмкін қауіпті алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, сәуір-қазан айлары – құстардың белсенділігі артатын ең қарбалас кезең.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0