Өзге сарбаздарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 әскери қызметшінің алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Басылым мәліметінше, қаза тапқандар:
1. Мадихан Азамат Болатбекұлы,
2. Төлеген Ақылбек Қабенұлы,
3. Бердиханов Мейрамбек Ермуханұлы,
4. Аяпберген Сержан Талғатұлы,
5. Мұхтарұлы Олжас,
6. Темиргалиев Женис Тілеушеевич,
7. Кобенов Алмас Жусипулы,
8. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы,
9. Жаңабай Асет Саматұлы,
10. Бегей Дастан Нурболұлы,
11. Диханбаев Олжас Тажибайұлы,
12. Гилаж Ақжайық Болатбетұлы
Айта кетейік, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына бірқатар министрліктің басшылары, Маңғыстау облысының әкімі, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері енді. Қаза тапқандардың ресми тізімі әзірге жарияланған жоқ.