24.09.2026, 22:00

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: кінәлілер заң бойынша жауап береді - Бозымбаев

Фото: Видеодан алынған кадр

Қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жан-жақты, мұқият әрі қысқа мерзімде жүргізіледі.

12 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Президенттің тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.

Қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жан-жақты, мұқият әрі қысқа мерзімде жүргізіледі.

Қайғылы жағдайға әкелген әрекеттері үшін әрбір лауазымды тұлға заң алдында жауап береді. Бозымбаев кінәлілердің ең қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Қаза тапқандардың отбасыларына материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Вице-премьер тергеу барысы мен отбасыларды қолдау жұмыстарын жеке бақылауына алған.