$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Астанада автобус жүргізушілері дәретханаға кіре алмай жүр: нысан бар, бірақ есігі жабық

Әзірге жауапты мекемелердің бұл шағымға қатысты ресми жауабы жарияланған жоқ. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Астананың Көктал тұрғын алабындағы соңғы аялдамада автобус жүргізушілері қарапайым санитарлық жағдайға қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың сөзінше, жүргізушілер мен кондукторларға арналған дәретхана модулі орнатылғанымен, нысан үнемі жабық тұрады. Салдарынан ауысым бойы бағытта жүрген қызметкерлердің дәретханаға баратын жері жоқ.

Мәселе әсіресе №64 автобус бағытының соңғы аялдамасына қатысты айтылған, бұл бағыттың Көктал аумағына қатынайтынын CTS деректері де растайды. Жүргізушілер жауапты мекемелерден жабық тұрған дәретхананы ашып, қоғамдық көлік қызметкерлеріне қалыпты еңбек жағдайын жасауды сұрап отыр.

Әзірге жауапты мекемелердің бұл шағымға қатысты ресми жауабы жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0