28.09.2026, 15:00

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Фото: depositphoto

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13 сағат 53 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер:

Есептік қарқындылығы Нарынкөл ауылы 2-3 балл., Кеген ауылында 2 баллды құрады.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.