Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Мусурманқұл Абзал және Мустафа Бақдәулет қатысқан.
Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Мусурманқұл Абзал және Мустафа Бақдәулет қатысқан.
Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылып, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/289445-tikelei-efirde-sarbazdardyn-qazasyna-qatysty-beiadep-sozder-aitqan-symkenttik-zigit-qamaldy