$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Астананың қақ ортасында жеңіл көлік әйел адамды қағып, артынша қашып кетті (ВИДЕО)

Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астананың орталық көшелерінің бірінде Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Мәңгілік ел, 21 мекенжайында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеодан жүргізушінің әйел адамды қағып кеткеннен кейін тоқтамастан ары қарай кетіп қалғанын байқауға болады.

«Jetour T2» автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0