Апат 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Атырау облысының Индер ауданында жол пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Жол пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.