30.09.2026, 10:20

Зайсан көлінде суға кеткен екі адамның денесі табылды

Фото: Zakon.kz

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары қатысып, 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар іздеу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды.

Зайсан көлінде балық аулауға шығып, қайтып оралмаған екі ер адамның мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстары аяқталды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

112.kz мәліметінше, 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға кеткен. Алайда олар үйлеріне оралмаған.

«ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысты. Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

29 қыркүйекте 2001 жылы туған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тапқан. Ал 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның мәйітін судан алып шықты.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары қатысып, 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар іздеу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды.