30.09.2026, 11:00

«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды

Фото: Astana TV

Сот отырысында прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Ақмола облысының Ақкөл қаласында мас күйде сәбиін емізіп отырған әйел ұйықтап кеткен. Соның салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып алған. Бала қайтыс болды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сотта анықталғандай, әйел оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың ауа жетіспеуі салдарынан көз жұмғанын анықтаған.

Сот отырысында прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Сот жазаны белгілеу кезінде әйелдің жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмыс кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот үкімімен әйел 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, оған пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.