$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Алматы–Екатеринбург тасжолында көлік апатынан әйел көз жұмды

Соққы салдарынан жеңіл көліктегі әйел оқиға орнында көз жұмған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысында Алматы–Екатеринбург тасжолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. «Газель» жүк көлігі мен «Лада Калина» жеңіл көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға тасжолдың 384-шақырымында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, «Газель» жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Лада Калинамен» бетпе-бет соқтығысқан.

Соққы салдарынан жеңіл көліктегі әйел оқиға орнында көз жұмған. Екі көліктің де жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жүргізушілерді ұзақ жолға шығар алдында демалып, шаршаған немесе ұйқысы келген жағдайда рөлге отырмауға шақырды.

«Ұйқылы жүргізуші көлікті басқаруды толық жоғалтқан жүргізуші сияқты қауіпті», – деп ескертті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0