Ал қылмыстық іс қозғау үшін елеулі зиян келтірілгені анықталуы қажет екенін түсіндірді.
Санжар Әділов журналистердің интернеттегі аккаунттарының бұғатталуына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, жүргізілген тексеріс барысында бұл жағдайлар тікелей хакерлік шабуыл ретінде расталмаған, кейбірі әлеуметтік инженерия тәсілдерімен байланысты болуы мүмкін. Тексеруге уәкілетті құқық қорғау органдары да қатысқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист нақты адамдардың аккаунттары неге бұғатталғанын және оның артында кім тұрғанын сұрағанда, Әділов бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне жататынын айтты. Ал қылмыстық іс қозғау үшін елеулі зиян келтірілгені анықталуы қажет екенін түсіндірді. Оның сөзінше, аталған жағдайлар киберқылмыс ретінде сараланбаған.