30.09.2026, 14:00

Азат Перуашев туралы жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Видеодан скрин

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Азат Перуашев туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабымен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазір арнайы тергеу тобы құрылып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс аясында сот-техникалық және сот-филологиялық сараптамалар тағайындалған. Тергеу олардың қорытындысын күтіп отыр. Сонымен қатар жалған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.