30.09.2026, 14:30

Каспийдегі трагедиядан кейін Threads авторларына полиция қоңырау шалды ма? ІІМ жауап берді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

 

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза болғаннан кейін Threads желісінде сыни жазба жариялаған қолданушыларға полиция өкілдері хабарласты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәліметті жоққа шығарды. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері мұндай жазбалардың авторларына қоңырау шалмаған. Әділов сол күндері ішкі істер органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткенін айтты. Сондай-ақ елдегі криминогендік ахуал тұрақты екенін мәлімдеді. Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге кетіп, оның 14-і қаза тапты. Оқиғаға байланысты қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.