Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Шымкентте әйел адам күйеуімен ұрысып қалып, жүрегіне пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиғаны Шымкент қаласының Полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйелі арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған. Аталған факт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.