$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді. Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0